Нұрлан Ноғаев: Бәсекелестік – халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады

Нұрлан Ноғаев: Бәсекелестік – халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады

Бүгін, 8 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының үдемелі индустриалды дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Ақтау қаласының аумағында салынатын бес инвестициялық жоба қаралды. Атап айтқанда, қойма, мектеп, аквапаркі бар қонақ үй кешені мен құрғақ қоймалар салу және ұйымдастыру, сондай-ақ жылыжайлар мен бекіре фермасы кешенінде жылына 300 000 ҚТҚ қуаты бар қоқыс өңдеу зауыты жобасын іске асыру жайы қаралды.

Комиссия мүшелерінің шешімімен төрт жоба мақұлданып, бір жоба қайта қарауға жіберілді. Жобалардың маңыздылығына тоқталған аймақ басшысы бәсекелестік халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартатынын айтты.