Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында өңірдегі азаматтық секторды дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

4 сағатқа созылған кездесу кез-келген адам ой-пікірін айта алатын “Ашық микрофон" форматында өтті. Жиында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен мемлекеттік органдар арасында сындарлы пікір алмасу болды. Азаматтық қоғам өкілдері жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тілектері мен ұсыныстарын жеткізді. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға аталған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

​Сондай-ақ, жиынға “Құқықтық Азаматтық бастамалар орталығы" жабық АҚ өкілдері, NCOC компаниясының қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиналысты қорытындылай келе, Маңғыстау облысының әкімі жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен ауызбіршілікте жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік емес ұйымдардың мемлекет дамуындағы маңызды рөлін бірнеше рет атап өткен болатын. Ел басшылығының тапсырмасын орындау мақсатында біз азаматтық секторды дамытуға барынша күш саламыз, - деді Нұрлан Ноғаев.