ҰЛТТЫҚ САНАҚ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ САНАҚ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә.Байпақовтың төрағалығымен ұлттық санақ бойынша қала аумағында орналасқан ірі өндірістік кәсіпорын мен қызмет көрсетуші ұйым басшыларымен бірлескен жиын өтті. 

 

Қала әкімінің орынбасары Ә.Байпақов 

еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи маңызды сәтте белсенді болуға шақырды. 

 

Сонымен қатар, ұпайымыз түгенделетін Ұлттық санаққа барлық тұрғындар мен кәсіпорын қызметкерлеріне қазан айының 15-не дейін онлайн түрде тіркеуден өту қажеттігін атап өтті.