ОТБАСЫ БАНК САЛЫМШЫЛАРЫ ҮШІН АҚТАУДА ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАН ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

ОТБАСЫ БАНК САЛЫМШЫЛАРЫ ҮШІН АҚТАУДА ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАН ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау қаласынан тұрғын үй салу үшін жер телімін бөледі. Жыл сайын шаршы метрі 180 000 теңгені құрайтын 15-20 көппәтерлі тұрғын үйлерді тексерілген құрылыс компаниялары салады деп жоспарлануда.
 
Бүгін осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов пен "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова қол қойды. 
 
Пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатылатын болады. Бірінші кезекте шаршы метрлерге жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасылар, денсаулық сақтау және білім беру саласының бюджет қызметкерлері үміткер бола алады.
 
"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ баспасөз қызметі