ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары!

Ақтау қаласында 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылғанын хабарлаймыз.

109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғындар:
🔹қала, аула аумағын абаттандыру;
🔹қала бойынша пәтерді және көшені жарықтандыру;
🔹қала бойынша ғимараттар мен тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және қамтамасыз ету;
🔹кәріздік сораптық стансалары мен тазарту құрылғылары;
🔹қаланы жылу энергиясымен қамтамасыз ету;
🔹ашық құдықтар;
🔹газбен жабдықтау;
🔹лифт жұмысы;
🔹қалалық жол инфрақұрылымдары;
🔹ПИК жұмысы;
🔹тұрмыстық қалдықтар;
🔹ашық электр қалқандары;
🔹қаланы көгалдандыру;

109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейтін бірыңғай байланыс желісі болып табылады.

Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Сонымен қатар, мамандар өтінімдердің орындалуы бойынша кері байланыс жасайды.

Өтініштерді қабылдау:
📱Мобильді телефондардан Kcell, Activ, Beeline, Tele2,Altel желісі арқылы тегін 109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалу арқылы;
✅ “Smart Aktau” мобильді қосымшасын жүктеу арқылы;
Instagram парақшасы: @aktau109.kz
Facebook парақшасы: @aktau109.kz
Сайттан өтінімдер қабылдау: www.aktau109.kz