Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 Маңғыстау облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы жарияланды

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 Маңғыстау облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы жарияланды

❌Тыйым салынады:

🔸"Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары";
🔸 жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

📍Демалыс және мереке күндері "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар қызметіне тыйым салу:

🔹 қоғамдық көлік;
🔹 СОО, сауда желілері
🔹 спорт нысандары: (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, тренажер залдары);
🔹 қоғамдық тамақтану объектілері, азық-түлік (азық-түлік жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі);
🔹 фитнес-орталықтар, Фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар;
🔹 кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, компьютерлік клубтар, боулинг залдар, цирктер;
🔹 ауданы 1000 м2 астам азық-түлік емес тауарларды сату объектілері, ашық базарлар, жәрмеңкелер;
🔹 бильярд, караоке, түнгі клубтар;
🔹 білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары, балалар ойын-сауық орталықтары;
🔹 банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімдері
🔹Діни нысандар

✅ Жұмыс күндері қызметін шектеу:

🔸 қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт - "Ashyq" жобасының қатысушылары 20:00-ге дейін, "Ashyq" жобасына қатыспайтын объектілер 17:00-ге дейін;
🔸 "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, Фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер - сағат 20:00-ге дейін, "Ashyq" жобасына қатыспайтын нысандар сағат 17: 00-ге дейін;
🔸Кинотеатр - "Ashyq" жобасының қатысушылары үшін 20:00-ге дейін;

✅17-00 дейін жұмыс істеуге рұқсат:

🔸 балалар ойын-сауық орталықтары (жабық жерлерде)
🔸СОО, сауда үйлері, сауда желілері;
🔸ашық және жабық нарықтар;
Барлық ұйымдар үшін қызметкерлердің 80% үшін қашықтықтан жұмыс істеу форматы(вакцинацияланғандарды және 3 ай ішінде ауырғандарды қоспағанда).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ