9 ЖӘНЕ 13 ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЫНТАЛЫ ТОП МҮШЕРЕЛЕРІМЕН ЖҮРМЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

9 ЖӘНЕ 13 ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЫНТАЛЫ ТОП МҮШЕРЕЛЕРІМЕН ЖҮРМЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

15 маусым күні 5, 8, 9, 13, 28 шағынаудандарда кешенді абаттандыру жұмыстары басталады.

Бүгін Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі маманы мен абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер компания өкілдері 9 және 13 шағынаудан тұрғындары арасынан құрылған ынталы топ мүшелерімен жүздесті.

Демеушінің сметалық құжаттамаға сәйкес бөлінген қаржысына мердігер компания ішкі автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды реттеп, сонымен қатар, тұрғындардың біріккен шешімінің нәтижесімен ойын және спорт алаңдары жаңартылмақ.