ЕНДІ ТҮЛЕКТЕР КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ ҮШІН ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЙДЫ

ЕНДІ ТҮЛЕКТЕР КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ ҮШІН ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЙДЫ

Биыл колледжге қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Маңғыстаудағы колледждерде жастарға қалаған мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігі туындап отыр. Енді түлектер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы білім басқармасы кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің басшысы Жания Сармурзина мәлім етті.

«Мектеп бітіруші аттестатының ортақ балы және екі бейіндік пәннен алған бағалары қаралады. Ал жұмысшы мамандықтары әңгімелесу арқылы қабылданады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдаудың негізгі салалары - білім беру, медицина, өнер, қызмет көрсету, электротехника және энергетика, механика және металды өңдеу, автокөлік құралдары, құрылыс жұмыстары, туризм, ақпараттық технологиялар.Талапкерлер құжаттарын колледжге келмей-ақ egov.kz сайты арқылы тапсыра алады», - деді Жания Сармурзина.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ