ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!

️Әлеуметтік желілерде немесе басқа да
БАҚ беттерінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер сатылымға шыққаны жөнінде жариялануда.
Бірақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес, үлескерлердің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдіруші тұлғалар (жеке немесе заңды) жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

Алайда, бүгінгі күнге дейін қала әкімдігіне Ақтау қаласы аумағында, тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан тұлғалар (жеке немесе заңды), үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат сұрап жүгінген емес, яғни бірде-бір тұлғада, аталған рұқсат жоқ.

Сондай-ақ, қала аумағында жүргізіліп жатырған тұрғын үйлерге қатысты қандайда бір ақпарат қажет болған жағдайда, «Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, 213 кабинеттен немесе 50-47-09 жұмыс және 87066362362 ұялы байланыс нөмерінен біле аласыздар.