ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЫНТАЛЫ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҮРМЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЫНТАЛЫ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҮРМЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Бұған дейін 5 5, 8, 9, 13, 28 шағынаудандарда кешенді абаттандыру жұмыстары басталатындығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осы аталған шағынаудан тұрғындары арасынан жұмыстарды жүйелеу мақсатында белсенді ынталы топтар жасақталды.

Бүгін Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі маманы мен абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер компания өкілдері 5 және 8 шағынаудан тұрғындары арасынан құрылған ынталы топ мүшелерімен жүздесті.

Тұрғындардың қолайлы жағдайы үшін мердігер компания сметалық құжаттамаға сәйкес демеушінің бөлген қаржысына ішкі автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды реттеп, сонымен қатар, біріккен шешімнің нәтижесімен ойын және спорт алаңдарын жаңартпақ.
Абаттандыру жұмыстары 15 маусым күні басталады.