МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІК ҚАТАРЫНДА

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІК ҚАТАРЫНДА

Маңғыстау өңірі соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштік қатарынан көрініп келеді. Облыста құрылыс жұмыстары жеке тұрғын үй құрылысымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қарқынды жүргізілуде. 5 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1%-ға өсіп, 55,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
Жыл басынан бері 440 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2962 отбасы баспаналы болды.
«Осы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді баспанамен қамту мақсатында 200 отбасыға тұрғын үй сертификаты беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1587 пәтер беріледі, оның ішінде 181-і көп балалы отбасыларға табысталмақ. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары аясында жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан 100-ге жуық пәтер беріледі», - деді С. Трұмов.
«7-20-25» бағдарламасы басталғаннан бері 9,6 млрд. теңгеге екінші деңгейдегі банктер арқылы 943 өтінім мақұлданды.
Бұған қоса, «Шаңырақ» пилоттық жобасы «5-10-20» бағдарламасымен 243 пәтер берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасының несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
«Маңғыстау өңірі соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштік қатарынан көрініп келеді. Биыл да 1,2 млн. шаршы метр үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», - деді аймақ басшысы.