Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылында қуаттылығы тәулігіне 3,5 текше метрді құрайтын су қондырғысы қолданысқа беріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір монтаждау жұмыстары жүргізіліп отыр. Маусым айының соңында қондырғы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
«Былтыр Мұнайлы ауданының тұрғындары тәулігіне 14 мың текше метр суды қолданса, биылдан бастап тәулігіне суды 17,5-18 мың текше метр беріледі. Сол себепті жаңа қондырғы Мұнайлы ауданындағы су тапшылығы мәселесін шешуде оң септігін тигізеді. Сондай-ақ, Ақшұқыр елді-мекенінде де су тұщытатын 2 қондырғыны орнаттық. Ауыл тұрғындары бұрын-сонды суды тек «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нен тұтынып келді. Енді ауыз су жаңа қондырғылар арқылы да берілетін болады», - деді Бердібек Қартбаев.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ
КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ