Маңғыстауға мал азығы жан-жақтан жүйелі жеткізілуде. Кеше аудандағы халқы көп ауыл саналатын Мұнайшы ауылына Ақтөбе облысынан тонналаған көк шөп келді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды.
"Шөптің бағасы қолжетімді. Бары 34 рулон болатын шөп сататын көліктің иесі кешеден бері жəне бүгінде ауылдағы шаруалар мен тұрғындар шөпті таласа алып жатқандығын айтуда.
Алдағы уақытта да кəсіпкерлер осы қарқында болса жиі көлікпен шөп тасымалдауды қолға аламыз деп отыр. Дегенмен ауыл тұрғындарының толық сұраныстарын орындауға мүдделіміз",-дейді Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Сəбит Құсайынов.
Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі