МАҢҒЫСТАУДА МЕТАН ГАЗЫН КӨЛІК ОТЫНЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

МАҢҒЫСТАУДА МЕТАН ГАЗЫН КӨЛІК ОТЫНЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша бірінші орынбасары А.Меңдібаевтың төрағалығымен сығылған табиғи газды (метан) өңір экономикасының түрлі саласында пайдалану перспективалары туралы жиын өтті.

Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Б. Орынбасаров, Ғ. Ниязов, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС, «ОралМұнайПром» ЖШС «ҚазақГазӨңдеу зауыты» ЖШС және т.б. өкілдері қатысты.

Өңірде сұйытылған мұнай газымен жүретін көліктер саны жыл сайын өсуде. 31.01.2021ж. жағдай бойынша облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес газ (СМГ) пайдаланатын автокөліктер саны – 94 112, мониторингке сәйкес – 108 842 көлік. Газбен жүретін көліктердің көбеюіне байланысты сұйытылған газ тапшылығы байқалып, автогаз құю бекеттерінде машиналардың кезегі орын алды.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысы әкімдігі автокөліктерге сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін қондырғыларды орнату арқылы метан газын құятын автогаз құю бекеттерін ашу мүмкіндігін қарастыруда. Нәтижесінде сұйытылған мұнай газына сұраныс төмендейді.

Жиын қорытындысы бойынша жергілікті билік тиісті мекеме басшыларымен бірлесе отырып, жобаны іске асыру үшін нақты жұмыстар жүргізуге келісті.