Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы 2021 жылы 14 сәуір күні өтеді

Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы 2021 жылы 14 сәуір күні өтеді

Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы 2021 жылы 14 сәуір күні өтеді

 

Жетінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс    екінші сессиясы 2021 жылы 14 сәуір күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 , 5 қабат).

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1.Қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №38/427            «2021-2023 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

  1. Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №38/429 «2021-2023 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 16 наурыздағы №7/80 «Қала әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы.
  4. Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы.
  5. Ақтау қаласы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы.

7.Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

8.Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

9.Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

10.Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы №21/201 «Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11.Ақтау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы.

  1. Қалалық мәслихаттың үшінші сессиясының төрағасы туралы.

 

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының аппараты