“ӨРКЕН” БАЛАБАҚШАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

“ӨРКЕН” БАЛАБАҚШАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

29 наурыз күні желіде әлеуметтік ахуал тудырған N15 “Өркен” балабақшасында туындаған жағдай бойынша Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында жағдай заңнамалық тұрғыдан сарапталып, ата-аналар пікірі тыңдалды.

:small_red_triangle: №15 «Өркен» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 2018 жылы ашылған болатын. Ақтау қаласының 6 шағынауданы №34 ғимаратында орналасқан. Сыйымдылығы - 280 орын. 240 орынға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс алып, 57 маман қызмет етуде.

Айта кетейік, келіспеушілік балабақша әкімшілігі мен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс алып отырған ата-аналар арасында туындаған болатын.

Негізгі себеп - ата-ананның ай сайынғы жарнасының 4 мың теңгеге өсетіндігі туралы.

Комиссия мүшелері жиналыс қортындысы бойынша келесідей шешім қабылдады:

- “Өркен” балабақшасының әкімшілігі бөбекжай тәрбиеленушілерінің құқығын қорғау бойынша жаңа келісімшарт жасақталғанша балалардың орнын сақтап, қалпына келтіру;

- “Өркен” балабақшасы әкімшілігінің жоғарыдағы мәселелердің туындауы бойынша жасалған іс-әрекеттеріне қалалық прокуратураға құқықтық баға беру үшін ресми хат жолдау;

- Маңғыстау облыстық білім басқармасына “Өркен” балабақшасы мен ата-аналардың қолданыстағы өзара келісімшартта көрсетілген қосымша қызметтердің орындалысы мен сапасына ҚР заңнамаларының шеңберінде зерделеу жұмысын жүргізу ұсынылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі