ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Бүгін қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы облыстық мамандандырылған балалар үйінің тәрбиешілері мен қызметкерлерін алғыс айту күніне орай құттықтап,  ризашылығын білдірді.

 

“Жерде жетім жыласа, көкте періште налиды” -дейді қазақ халқы. Ақтау қаласындағы балалар үйінде 26 балапан тәрбиеленіп жатыр. Олардың 3-уі тұл жетім, қалғаны ата-ананың қамқорынсыз қалған не әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан балалары. Әрқайсысының жанары жылулықты, ыстық құшақты күтеді. 

 

“Ағаштың өзі де жасынан қисық өссе, өмірбойы солай өседі. Ал, балалар түзу тәрбие алса, қоғамға берері мол. Осындай жауапкершілікті адамның жанына жылулық ұялататын абыройлы жұмыс атқарып отырған Сіздердің еңбектеріңіз, осы бүлдіршіндер еліміздің мақтан тұтар азаматына айналуымен қайтсын. Мың алғыс!”-деп жылы шаһар басшысы әр қызметкерге жылы лебізін жеткізді.

 

Ертең олар да ержетіп, еліміздің абыройлы азаматына айналары сөзсіз. Тасқа бүрлеген тағдырлар гүлдене берсін!