Құрметті респонденттер. 2021 жылғы 25 ақпанда 2020 жылға арналған 1-инновация нысаны бойынша статистикалық есептілікті тапсыру мерзімі аяқталады. "Инновациялық қызмет туралы есеп" 1-инновация нысаны бойынша есепті экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес экономикалық қызметтің негізгі түрлері бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. Инновациялық қызмет идеяларды нарықта енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнімге; практикалық қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процеске; жиынтығында инновацияларға алып келетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін көздейтін әлеуметтік қызметтерге жаңа көзқарас қалыптастыруға байланысты қызмет түрі деп түсініледі. Бұл нысанды іріктеуге қатысқан кәсіпорындар ұсынады. Іріктелген компаниялардың тізімін stat.gov.kz сайтынан көруге болады.