
АҚТАУДАҒЫ БАЛАБАҚША «РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚШАСЫ - 2020» АТАНДЫ
Ақтаудағы №46 «Балбұлақ» балабақшасы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі 100-ге жуық білім беру ұйымдарының арасында өткен «Республиканың үздік балабақшасы - 2020» атты республикалық байқауынан I орынды иеленді.
2020 жылдың 9-желтоқсанында басталған сайыс онлайн өткен болатын.
Алғашқы кезеңге 100-ге жуық мемлекеттік бөбекжайлар, жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар қатысқан. Ал екінші кезеңге іріктеуден 26 мекеме өтеді.
«Аталмыш байқауға №46 «Балбұлақ» балабақшасы МКҚК соңғы 3 жылдық жетістіктері бойынша деректі фильм ұсынды. «2021-2023 жылдарға арналған балабақшаның даму стратегиясын» қоса жолдадық»,-дейді Айгүл Иманалиева.
Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қалалық білім беру мекемелері басшылары қауымдастығының шешімімен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік балабақшасы» номинациясы бойынша жүлделі I орынды «№46 «Балбұлақ» балабақшасы ұтып алып, үздіктердің көшін бастады.
Айта кетейік, 27 шағынауданда орналасқан №46 «Балбұлақ» балабақшасы 1986 жылы ашылған. Мұнда 301 бүлдіршін білім алуда.