МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 116 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 116 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 116 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 22 қаңтардағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 116 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 116 науқастың 45 адамы коронавирусқа тапсырған, сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 105,  жағдайы ауыр халде 8 науқас, өте ауыр хәлде 3 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 26 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған
карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.