АҚТАУДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТОЛЫҚТЫ

АҚТАУДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТОЛЫҚТЫ

АҚТАУДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТОЛЫҚТЫ

Ақтау қалалық автобус парктерін жаңартып ескі автобустардың санын азайту мақсатында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен (СПК-Каспий) бірлесе отырып «Ақтау қалалық автобус парктерін жаңарту» атты салалық жоба әзірленіп, жүзеге асырылуда. Жоба «Қазақстан Даму Банкінің» (БРК-Лизинг) лизингтік бағдарламасының негізінде іске асырылуда.

Жобаның аясында отандық «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-нен (Қостанай қ.) 18 дана «Yutong» маркалы автобусы сатып алынды.
Аталған автобустар 2020 жылдың қараша айының 1-ші жұлдызынан бастап қалалық №3, №7 және №8 маршруттарына іске қосылды.

Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айында, Ақтау қаласына 30 дана «Ankai» маркалы автобустары келді. Қазіргі таңда аталған 30 автобустарды қалалық №1, №4М және №5 маршруттарына іске қосу жоспарлануда.