ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ

ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ

Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай мен Өмірзақ ауылының әкімі
Е. Сарыевтың Өмірзақ ауылы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 26 қаңтар күні сағат 16:00-де онлайн режимде өтетінін хабарлаймыз.

Сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды:

- «Esep.aktau2021@gmail.com» поштасына;

- фейсбукте «Ақтау қаласының әкімдігі» парақшасына;

- инстаграммда «aktau_akimat» парақшасына;

- телеграмм «Ақтау қаласының әкімдігі» каналына алдын-ала немесе есеп беру кезінде жолдасаңыздар болады.

Айта кетейік, есеп беруді тікелей эфирде фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Ақтау қаласының әкімдігі» парақшасынан тамашалай аласыздар.