Бүгін Қазақстанның православиелері христиандардың басты мерекелерінің бірі – Рождество Христовоны атап өтуде.

Бүгін Қазақстанның православиелері христиандардың басты мерекелерінің бірі – Рождество Христовоны атап өтуде.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай православ христиандарын құттықтау үшін арнайы шіркеуге барды. Ол Ақтау шіркеуінің басшысына Форт - Шевченко қаласындағы Маңғыстау облысындағы алғашқы шіркеу (часовня) бейнеленген суретті табыс етіп, тыныштық, әр отбасына молшылық пен амандық, елімізге бейбітшілік тіледі.

"Рождество - бұл сенім мен жан қуанышын ұялататын мереке. Ол көптеген адамдардың өмірін үміт пен махаббат нұрымен жарықтандырады, жақындарына мейірімділік пен қамқорлық көрсетуге үйретеді, адамгершілікті және әділетті болуға көмектеседі",- деді әкім құттықтау сөзінде.