Ақтау қаласында жауын-шашын мен қатты желден кейінгі санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Коммуналдық қызмет мамандары жол жиектерінде жиналған қоқыстарды тазалап, арнайы щеткалы техникалардың көмегімен қаладағы автомобиль жолдарын тазарту жұмыстарын жүргізді.
Қала аумағының тазалығы мен санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі