2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.
Бағдарлама:
• 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00;
• 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. Уақыты: 17:00;
• 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00.
Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі