
Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қала аумағындағы бірқатар автомобиль жолдарының қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, 30, 33, 16 және 19-шағын аудандар аралығына, сондай-ақ «Ақжелкен» тұрғын массиві мен жағажай жолының аралығына және «Ақтау» мен «Астана» ойын-сауық орталықтарының алдында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа бағдаршамдар орнатылды.
– Аталған жұмыстар қала аумағындағы тоғыз автомобиль жолы қиылысында жүргізіледі. Алдағы уақытта да жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айбек Тойлыбайұлы.
Қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі