Ақтау қаласында 20 және 20А шағын аудандарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласында 20 және 20А шағын аудандарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласы әкімдігінің тапсырысымен 20 және 20А шағын аудандарында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілген.
Қазіргі таңда 20А шағын ауданында ұзындығы 1 шақырым болатын жолға асфальт төселуде. Ал 20-шағын ауданда 3,2 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
— Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылатын болады, — деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Ержанұлы.
Құрылыс жұмыстарына мердігер мекеменің 50-ге жуық жол жұмысшысы мен 15 арнайы техникасы жұмылдырылған. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі