Ақтау қаласында жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде

Ақтау қаласында жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде
Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын тиісті деңгейде күтіп ұстау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
 
Қазіргі таңда қала аумағында автомобиль жолдарындағы жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту және жаңадан орнату, жолдарды арнайы техникамен сыпыру, қоғамдық көлік аялдамаларын жуу, сондай-ақ жол жиектерінде өскен арамшөптерді отау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
 
Сонымен қатар бағдаршам тіректері мен секциялары жуылып, шаң-тозаңнан тазартылып, сыртқы келбеті ретке келтірілуде. Қажет болған жағдайда сырлау жұмыстары жүргізіліп, тозған элементтер қалпына келтіріледі. Бұдан бөлек, бағдаршамдардың техникалық жай-күйі мұқият тексеріліп, анықталған ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары дер кезінде атқарылуда.
 
Аталған жұмыстар мердігер мекеме тарапынан күнделікті негізде жалғасатын болады.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі