
Ақтау қаласы бойынша автогаз құю бекеттеріндегі сұйытылған мұнай газын өткізу жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
2026 жылғы 19 шілде күні сағат 12:00-дегі мониторинг нәтижесіне сәйкес, қала аумағындағы 32 автогаз құю бекеті тұтынушыларға қызмет көрсетуде.
Мониторинг барысында барлық жұмыс істеп тұрған бекеттерде сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы 72 теңгені құрайтыны анықталды.
Кезек жағдайы тұрақты. Қаланың сыртқы аумақтарында орналасқан автогаз құю бекеттерінде кезектік төмен. Жалпы, жұмыс істеп тұрған бекеттерде кезек орта есеппен 3–15 автокөлік аралығында ғана тіркелген, ал бірқатар бекеттерде кезек мүлде жоқ.
Ақтау қаласы әкімдігі автогаз құю бекеттеріндегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі