Ақтау қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік ағынын тиімді реттеу мақсатында 28, 29, 19 және 30-шағын аудандар қиылысындағы бағдаршамдарға солға бұрылуға арналған 15 секундтық қосымша секциялар орнатылды.
Бұл шешім Ақтау қаласы Полиция басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде қабылданды. Зерттеу барысында көлік қозғалысының қарқындылығы мен жол қиылыстарындағы жағдай талданып, кептелісті азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қосымша секциялар орнату қажеттігі анықталды.
Нәтижесінде жол қозғалысын ұйымдастыру тиімділігі артып, жүргізушілердің солға бұрылуы қауіпсіз әрі қолайлы бола түсті.
Ақтау қаласының әкімдігі жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалауға шақырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі