Ақтауда бірқатар жол учаскелері уақытша жабылады

Ақтауда бірқатар жол учаскелері уақытша жабылады

Ақтау қаласында «Кездесу» жанар жағармай бекетінен бастап 31А, 31Б, 32А және 32Б шағын аудандары бағытына дейінгі жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Жоба шеңберінде ескі асфальт жабындысын қыру және жаңа асфальт-бетон қабатын төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

 

Осыған байланысты шілде айының 14–19 күндері аралығында «Кездесу» жол жүріс бөлігінен 35-шағын аудандағы Кәсіпкерлер палатасына дейінгі автомобиль жолы кезең-кезеңімен уақытша жабылатын болады.

 

Ақтау қаласының әкімдігі жүргізушілер мен тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастыруға енгізілетін уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі