Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын күтіп ұстау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, жол бойындағы қоршаулар жуылып, сырлануда. Сонымен қатар қоғамдық көлік аялдамаларында санитарлық тазалау жұмыстары атқарылып, жол жиектеріндегі арамшөптер жұлынуда.
Сондай-ақ орталық көшелердегі автомобиль жолдарын тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, қала аумағының тазалығы мен тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға баса назар аударылуда.
Аталған жұмыстар қала аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі