Ақтауда жаңа жолдың құрылысы басталды

Ақтауда жаңа жолдың құрылысы басталды
Ақтау қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 19А, 20 және 20А шағынаудандарын байланыстыратын №26 автомобиль жолының құрылысы басталды. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды.
 
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық және негізгі жол төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде жолдың 200 метр бөлігінде асфальт жабындысының астына төселетін жол негізін дайындау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жолдың беріктігін қамтамасыз ету мақсатында 400 метр аумаққа құм-қиыршықтас қоспасы төселді.
 
Бұдан бөлек, жол бойында жиектас (бордюр) орнату жұмыстары да қатар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жалғасады.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі