«Таза Қазақстан»: Ақтауда заңсыз төгілген қоқыс орындарын тазарту жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Ақтауда заңсыз төгілген қоқыс орындарын тазарту жұмыстары жалғасуда

Жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағындағы заңсыз қоқыс төгілген 6 нүктеден шамамен 2500 тонна қоқыс шығарылды. Қала аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Қазіргі таңда 38-шағын ауданда орналасқан рұқсатсыз қоқыс үйіндісі толықтай тазартылды. Сонымен қатар, 6А шағын ауданындағы ірі көлемдегі құрылыс және тұрмыстық қалдықтар жиналған аумақта тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Санитарлық тазалық шараларына қаладағы құрылыс компанияларының 10-ға жуық арнайы техникасы жұмылдырылып, қоқыс қалдықтарын шығару жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі