«Айтылды – орындалды»: Ақтауда қала тұрғынының өтініші қолдау тапты

«Айтылды – орындалды»: Ақтауда қала тұрғынының өтініші қолдау тапты

2026 жылғы 26 маусымда өткен Ақтау қаласы әкімінің есептік кездесуінде қала тұрғындарының бірі 3 «Б»шағын ауданында жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігі жөнінде өтініш білдірген болатын.

Тұрғынның ұсынысы назарға алынып, бүгінде Маңғыстау облыстық энергетикалық колледжінен «Әлем» базарына дейінгі аралықта ұзындығы шамамен 600 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды.

Аталған құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі