Ақтау қаласының әкімі Иранның бас консулымен кездесті

Ақтау қаласының әкімі Иранның бас консулымен кездесті
1 шілде күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Джафар Заманимен кездесті.
 
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы достыққа, өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықты кеңейту бағытындағы жоспарлар сөз болды.
 
Әбілқайыр Байпақов Джафар Заманиды Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, өзара тәжірибе алмасу, өңіраралық байланыстарды дамыту және өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселелері бойынша пікір алмасты.
 
Кездесу қорытындысында екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
 
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі