Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Бүгін, 26 мамыр күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуден кейін кезектілік тәртібімен жазылған қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, тұрғын үй, құрылыс, жол, инженерлік желі және өзге де жеке өтініштер көтерілді.
 
Әбілқайыр Байпақов әрбір азаматтың өтініш-тілегін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заң аясында жан-жақты қарастыру мақсатында жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі