«Ақбота» саябағын реконструкциялау жобасы аясында Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, саябақ аумағындағы орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық бағаналары, кіші сәулеттік нысандар және воркаут алаңдары сақталып, қайта пайдалануға беріледі.
Аталған нысандардың техникалық жағдайы зерделеніп, қайта қолдануға жарамды элементтер алдағы уақытта қаланың өзге де қажетті аумақтарына орнатылады. Осылайша, реконструкция барысында алынған нысандар кәдеге жаратылып, тұрғындардың игілігі үшін қызметін жалғастырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі