Ақтау қаласының жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласының жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласының жолдарын күтіп ұстау шартына сәйкес қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсартуға және тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

Атап айтқанда, қала жолдарында күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол жиегі мен қоғамдық аумақтардың тазалығы қадағаланады. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбалары жаңартылып, жол белгілері ретке келтірілуде.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік аялдамалары жуылып, олардың санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда ұсталады. Көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін шұңқырлы жол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаз мезгілінде шаңды азайту және жолдардың тазалығын сақтау мақсатында орталық автомобиль жолдарына су шашылып, арнайы техникалармен жуу жұмыстары атқарылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі