Ақтау қаласында 50 спорт алаңы мен 80 балалар ойын алаңының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысандардың аумағы қоршалып, қауіпсіздік талаптарына сай жұмсақ төсеніштерді төсеу жұмыстары атқарылуда.
Аталған жобаны жүзеге асыруға «Болашақ Өзен» ЖШС жауапты. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толық аяқталады.
– Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекеме ойын және спорт алаңдарын күнделікті күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді. Алаңдардың жай-күйіне қатысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда тұрғындар Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жүгіне алады, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі