Ақтауда теңіз жағалауындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жүргізілді

Ақтауда теңіз жағалауындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жүргізілді

Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Көліктік бақылау инспекциясы және Полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен теңіз жағалауындағы пирс аумағында орналасқан катерлерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, қызмет көрсету сапасын арттыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Мониторинг барысында бірқатар катер иелеріне кәсіпкерлік қызметті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру үшін QR-кодтарды орналастыру қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тексеру кезінде кейбір катер жүргізушілерінде су көлігін басқаруға құқық беретін тиісті санаттағы құжаттардың жоқтығы анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Осы бағыттағы мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі