
2026 жылғы 1 мамырдан бастап Ақтау қаласындағы барлық қоғамдық автобустарда жолақы төлемінің жүргізілуін қадағалайтын бақылаушылар қызмет атқаруда. Аталған жүйе қоғамдық көліктегі төлем тәртібін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында енгізілді.
Бақылаушылар автобустарда жолаушылардың жолақыны уақытылы төлеуін тексеріп, электронды төлем жүйелерінің дұрыс пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар қоғамдық көліктегі тәртіптің сақталуы мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына да ерекше көңіл бөлінеді.
– Бұл бастама қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін арттыруға және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Алдағы уақытта автобустардағы цифрлық сервистерді кезең-кезеңімен жетілдіру жұмыстары жалғасады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айбек Жарылғас.
Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық көліктерде белгіленген ережелерді сақтап, жолақы төлемін уақытылы жүзеге асыру сұралады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі