
Ақтау қаласында жолдарды күтіп ұстау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда қала аумағында ескірген жол таңбалары мен жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жолдарды қалыпқа келтіру, қоғамдық аялдамаларды жуу және жол және жол жиектерінде санитарлық тазалық жұмыстары қолға алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүйелі түрде жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі