
Бүгін, 20 мамыр күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілген мониторинг барысында 18-шағын аудан аумағында ірі арнайы құрылыс техникаларының белгіленбеген орынға құрылыс қалдықтарын төккені анықталды.
Белгілі болғандай, аталған аумақ маңындағы құрылыс компаниясының өкілдері жалдамалы техника иелеріне құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төгуге өз бетінше нұсқау берген.
Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкерлері жетіп, жауапты тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы негізінде ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Құрметті қала тұрғындары! Баршаңызды экологиялық жауапкершілікті сезінуге, қоршаған орта тазалығына бейжай қарамай, табиғатты аялауға шақырамыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі