«Дейін-кейін»: Ақтауда рұқсатсыз төгілген кезекті қоқыс үйіндісі тазартылуда

«Дейін-кейін»: Ақтауда рұқсатсыз төгілген кезекті қоқыс үйіндісі тазартылуда

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының санитарлық тазалығына қатысты мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Жүргізілген тексеру барысында «Ақ желкен» тұрғын массиві аумағында рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділері анықталып, қазіргі таңда оларды жою жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда.

– Осы орайда тазалық шараларына белсенді атсалысып жатқан «Жол құрылыс» ЖШС-не алғысымызды білдіреміз. Қаламыздың тазалығы мен экологиялық мәдениетін сақтау – баршаға ортақ міндет. Сондықтан тұрғындарды қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Баймаханбетов.

Айта кетейік, қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс орындарының алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі