Ақтау қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті

Ақтау қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті

Бүгін, 14 мамыр күні қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкеновтың төрағалығымен Ақтау қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Сессияға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.

Сессия алдында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтіп, онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджет саясатына және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелері қаралды.

Атап айтқанда:

1. 2025 жылға арналған Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп;
2. «2026–2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №28/172 шешіміне өзгерістер енгізу;
3. «2026–2028 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №28/178 шешіміне өзгерістер енгізу;
4. Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы атқарушы органдардың жұмысы;
5. «Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64 шешімінің күшін жойылды деп тану;
6. Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының 2025 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасап, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша сессия отырысында тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия қорытындысында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда қолдау білдіріп келе жатқан депутаттық корпусқа алғысын жеткізді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі