
Қазіргі таңда қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, шұңқырлы жөндеу жұмыстарына дайындық шаралары қолға алынды.
Сондай-ақ орталық жолдарда санитарлық тазалықты сақтау мақсатында тазалау жұмыстары атқарылып, қоғамдық аялдамаларды жуу және ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі