
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен қала аумағында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін мамандар «Жылы жағажай» аумағындағы жер және нысан иелеріне санитарлық тазалық талаптарын сақтау жөнінде ескерту жасаған болатын. Соның нәтижесінде аталған аумақта оң өзгерістер байқалып, жер иелері өз учаскелерінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақтарды ретке келтіруде.
— Қала аумағындағы барлық жер иелерін санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ нысандар мен олардың қоршауларын қалыпқа келтіруге шақырамыз, — деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Рамазан Тезекбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі