«Ұлы Жеңіс – Ұраным»: Ақтауда Жеңіс күніне арналған концерт өтті

«Ұлы Жеңіс – Ұраным»: Ақтауда Жеңіс күніне арналған концерт өтті

Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – Ұраным» атты театрландырылған мерекелік қойылым ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында майдангерлердің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, жауынгер аналардың тағдыры мен соғыс жылдарындағы халықтың қайсар рухы сахналық қойылымдар арқылы көрерменге әсерлі түрде ұсынылды. Театрландырылған композицияның негізгі желісі соғыс жылдарынан жеткен хаттар мен естеліктерге құрылып, бейбіт өмірдің қадірі мен ұрпақтар сабақтастығы кеңінен насихатталды.

Мерекелік бағдарламада патриоттық әндер орындалып, хореографиялық қойылымдар мен көркем композициялар сахналанды. Шараға қаланың шығармашылық ұжымдары, вокалды топтары, би ансамбльдері және өнерпаздары қатысты.

Кеш соңында Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіліп, батырлар ерлігіне құрмет көрсетілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі