
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Ақтау қалалық мәслихаты депутаттары Ислям Усенов пен Сүйіндік Риза тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Депутаттар Ақтау қаласында тұратын тыл ардагерлері – Галина Дуюнова, Владимир Глотов және Галина Устинованың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында халық қалаулылары тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен қажырлы қайраты кейінгі ұрпақ үшін қашанда тағылым мен өнеге екенін атап өтті. Сондай-ақ ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілеп, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Өз кезегінде тыл ардагерлері көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласқа алғыстарын білдіріп, ел бірлігі мен тыныштығының маңызын ерекше атап өтті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі